2 тамызда республика бойынша 12 табиғи өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.
Комитет Қостанай, Павлодар облыстарындағы 2 орман өрті және Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы 3 өрт бақылауда екенін хабарлады.
Бұдан басқа, өткен тәулікте Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрғақ шөп жанып, сөндірілді.
– Аталған өңірлерде дала өртінің жалпы ауданы 3537 га, оның ішінде Ақтөбе облысындағы дала өртінің ауданы айтарлықтай үлкен – 2 000 га, Батыс Қазақстан облысында – 1 394 га. Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды, – делінген хабарламада.
Пікір қалдыру